Спорттық жетістіктерді мойындау және спортшылардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік қызметтер тізімін ұсынады. Мемлекеттік қызметтер қандай жағдайда көрсетіледі?
Спортшылар разрядтық нормалар мен талаптарды орындаса, оларға спорттық атақ пен разряд беріледі. Бұл жетістік спортшының кәсіби шынығуын және нәтижелерін растайды. Бұл ретте көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:
•Спорттық разрядтар:
1.2-разрядты спортшы
2.3-разрядты спортшы
3.1-жасөспірімдік разрядты спортшы
4.2-жасөспірімдік разрядты спортшы
5.3-жасөспірімдік разрядты спортшы
•Біліктілік санаттары:
1.Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы (жаттықтырушы-оқытушы);
2.Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы (жаттықтырушы-оқытушы);
3.Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер;
4.Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер;
5.Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы;
6.Спорт төрешісі.
Енді аталған мемлекеттік қызметті алудың жолдары қандай?
Бұл қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық немесе қағаз түрінде алуға болады. Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер туралы толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс арналарын пайдалануға болады:
•Мекен-жай: Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20А
•Instagram парақшасы: @jylyoi_madeniet_sport_bolimi
•1414 бірыңғай байланыс орталығы
•Телефон: 7-90-24 Ендеше, аудан спортшылары кәсіби шыңдалуға арналған қолайлы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғаны абзал.
Анарбек Мұратұлы,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы