Құрылыс қарқынын қадағалады

Осы аптада аудан әкімі Жұмабек Қаражанов өңірдегі бірқатар ірі құрылыс нысандарын аралады. Ондағы жасалып жатқан жұмыстарға бақылау жүргізіп, қазіргі жай-күйімен танысты.

Аудан басшысы, алдымен, Қарағай елді мекеніне табан тіреді. Онда өткен жылы қала мен ауыл аралығына асфальт төселіп, аудан орталығымен қатынас жақсы жолға қойылған болатын. Енді, міне, мұнда дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Жұмабек Байрақбайұлы болашақ емдеу нысанының құрылыс қарқынын көріп, мердігер мекемеге нақты тапсырмалар берді.

Өткен жылдың көктемінен бастап ТШО-ның «Игілік» бағдарламасы аясында қаладағы «Береке» ықшам ауданынан 600 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Ондағы құрылыс басына барған аудан әкімі мердігер мекеме «АВС-Лимитед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысшыларының жұмысымен танысып, құрылыс қарқынын жеделдету керектігін айтты.

Жұмабек Қаражанов бұдан бөлек, ауданда ашылғалы тұрған №2 ересектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ғимаратында болды. Кейін Жаңа Қаратон кентінен салынып жатқан мәдениет үйінің де құрылыс жұмыстарымен танысты.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521