Құрсайда су қайта көтерілді

Құлсары халқы түнімен көз ілген жоқ. Қаланың орталығында, "Жадырасын" мен "Аэропорт" ықшамауданында, Қамыскөл жағалауындағы тұрғындар таң атқанша тасқынмен арпалысты. Нәтижесінде қаланың Орталық стадионы жанындағы Құрсай арнасындағы су деңгейінің түскендігі туралы хабар келген-ді.
Бірақ құлсарылықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Таң ата Құрсай өзегіндегі ағыс қайта күш алып, су деңгейінің көтерілгені байқалды. Түнімен көз ілмеген тұрғындар Орталық стадион маңында қайтадан топырақ қаптауға кірісті. Өйткені арна суға лық толы.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521