Құрметті Жылыой ауданының тұрғындары!


 

Сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күн! Дәл осы күні 1990 жылы ел егемендігі туралы декларация қабылданды. Аталған құжат Қазақстан тәуелсіздігінің іргетасы болды.
Бұл күн Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде де өте қастерлі. Ұлттық мерекеміздің мән-мағынасын жас ұрпаққа түсіндіру, патриотизмді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматына артылған қасиетті борыш.

Бүгінде Қазақстан — нарықтық экономикасы қарқынды дамыған, демократиялық қоғамдық құрылымы қалыптасқан және зор халықаралық беделге ие заманауи мемлекет.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. 2022 жылдың 25 қазанынан бастап Республика Күнін атап өтудеміз.

Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Ізгі тілекпен, Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT