Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – өткенді таразылап, алдағы мақсаттарды айқындайтын ерекше кезең. Өткен жылы Құлсары қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға басымдық берілді.
Бұл жетістіктер – қаламыздың дамуына бейжай қарамай, бірлік пен ынтымақта еңбек етіп жүрген барша тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі.
Алдағы жылы да қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелерді кезең-кезеңімен шешу, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Жаңа жыл әр шаңыраққа құт-береке, амандық пен молшылық әкелсін! Ел ішіндегі тыныштық пен бірлік нығайып, әрбір отбасының арманы орындалсын!
Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметпен,
Құлсары қаласының әкімі Қ.Адинов



