Жылыой ауданында ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан бір топ азаматқа «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылыой аудандық мәслихаттың 2024 жылдың 29 наурызындағы №16-4 шешімімен ағарту саласының ардагері Сейдахметова Қарылғаш Хабиевна, еңбек ардагері Мирманов Бақтияр Әбілғазыұлы, құрылыс саласының ардагері Кенжегалиев Сайлаугали Имангалиевич, журналистика саласының ардагері Шәтенова Сәулеш Тәжіқызы, мұнай саласының ардагері Өмірзақов Марат Сағынғалиұлы «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов азаматтарға ауданның «Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Ауданымыздың «Құрметті азаматы» атанған ардагерлер ауданның дамуына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы қажырлы еңбектерін бағалап отырған аудан басшыларына ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін айтты.