Аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға орай аудан әкімі Ж. Қаражанов тек тиісті мекемелермен жиын өткізумен ғана шектеліп қалмады. Ол күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге байланысты тиісті нысандарды да аралап, мән-жайды көзбен көрді. Соның бірі – Құлсары қаласындағы кәріз айдау станцияларының жұмысы.
Жалпы күні бүгін аудан орталығында 13 кәріз айдау станциясын күрделі жөндеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде КНС - 2, КНС - 5, ГКНС кәріз жүйелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Аудан басшысы ондағы жоба бойынша атқарылған нақты істерді қарап, танысып қайтты. Жобаға сәйкес Құлсары қаласында 13 дана кәріз айдау станциясында 31 дана Flygt маркалы сорғы ауыстыру жұмыстары көзделген еді. Бүгінгі таңда оның 29-ы жаңасына алмастырылып, іске қосылды. Сонымен бірге бұл станциялардың қасбеті мен шатыры қапталып, ішіндегі құрал-жабдықтар ауыстырылып, шахтасы тазаланып, қосымша бетонды нығайту жұмыстары жүргізілген. Өз тілшімізден