Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді көктемнің жаңаруымен, табиғаттың оянуымен бірге келетін, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан халқымыздың дәстүрлі мерекесі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көрісу күні – бұл біздің тарихымыздың бір бөлігі, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңызды көрінісі. Бұл күн – өткенге тағзым етіп, болашаққа деген сенімді нығайтатын, жақсылыққа ұмтылысты арттыратын ерекше күн.
Көрісу күні – өзара құрмет пен түсіністік орнататын, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету күні. Осы мереке арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ата-бабамыздың аманатын орындап, қоғамда ізгілік пен мейірімділік мәдениетін қалыптастырамыз.
Ардақты ағайын! Баршаңызды қазақ халқы үшін береке мен бірліктің, жаңарудың бастауы, әрі жыл басы саналатын Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын мерекелеріміз ауданымызға, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ізгі ниетпен, Жұмабек Қаражанов, аудан әкімі