Көпбалалы отбасы өз таңдауын жасады

№18 М.Сатыбалдиев атындағы білім ордасында орналасқан №102 дауыс беру учаскесінде алғашқы сағаттардан-ақ дауыс беруге келген адамдардың қарасы қалың болды. Оның ішінде отбасымен келгендер де бар. Сөзімізге Олжас пен Фарида Қожахметовтер дәлел бола алады.
Бір қызығы бұл көпбалалы отбасының алғашқы дауыс беруі екен. Олжас Қожахметов:

-Осыған дейін дауыс беруге келмеппін. Бірақ, бұл жолы өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын. Сезім өзгеше болады екен. Келер жолы да міндетті түрде өз таңдауымды жасаудан қалыс қалмайтын боламын,-дейді отағасы өз ойымын бөлісіп.

Қазіргі таңда Олжас ағамыз жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрса, Фарида жеңгеміз «Лидер» супермаркетінде қызмет атқарады. Ертерек келіп, өз таңдауын жасауының басты себебі де жұмыс уақытының таң ата басталуынан екен. Бүгінгі күні бұл жұп бес перзент тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

Ерназ Алтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT