Қосымша жұмыс заңға қайшы

Заңсыз артық жұмыс жасау фактілеріне мониторинг күшейтілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес, Департаментпен жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жұмыстары басталған болатын.
Мониторинг барысында негізсіз үстеме жұмысқа тартудың бірқатар фактілері тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды. Ескеретін мәселе, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз артық жұмысқа тартқаны үшін мемлекеттік органның бірінші басшыларына әкімшілік жаза көзделген. Осы аталған шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын, оның ішінде әлеуметтік кепілдіктерінің бұзылуының алдын-алу, болдырмау және оларды жою мақсатында болмақ.

Атап өту қажет, мемлекеттік қызмет саласындағы және еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылған жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) немесе өтемақы төленуі тиіс болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз және келісімсіз артық жұмысқа тарту фактілерімен кездескен немесе оған куә болған жағдайда, Департаменттің сенім телефондарына қоңырау шалуға құқылысыз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521