Қостанай облысында қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды

Бүгін облыс орталығынан Арқалық қаласына профилактикалық іс-шараларды орындау үшін келе жатқан ТЖМ күштерінің тобы жол бойында қар тұтқына түскен көліктерге тап болды. 

 

❄️ Облыстық маңызы бар "Әулиекөл – Жалдама" автожолында Шолақсай кентінің маңындағы 9 жеңіл автокөлік пен 1 бензин тасығышы қар құрсауында қалып, жолды өз бетінше жалғастыра алмады. 

 

 Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, құтқарушылар жолдың тазартылған учаскесіне 15 жолаушысы бар көлік құралдарын сүйреп шығарды.  

 

Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

 

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT