Қосшағыл ауылында екі қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді

Қосшағыл ауылында “Qogamdyq keńistikter” жобасы аясында жаңа “Жеңіс” саябағы және балалар ойын алаңы салтанатты түрде ашылып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Жаңадан ашылған саябақта ауыл тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысына жағдай жасалған. Мұнда үлкендерге арналған демалыс аймағымен қатар, балаларға арналған заманауи ойын алаңы да қарастырылған.

Айта кетейік, биыл “Qogamdyq keńistikter” жобасы аясында жалпы 16 нысанды ашу жоспарланған. Жоба жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, елді мекендердің келбетін абаттандыруға және қауымдастықтың белсенділігін арттыруға бағытталған.

Жобаның демеушісі — “Теңізшевройл” компаниясы, ал оны жүзеге асырушы — Орталық Азияның Еуразия Қоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT