Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылында балаларға арналға ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл ойын алаңын жергілікті Ғабдол есімді тұрғын «Ауыл жастарының азаматтық белсенділігін дамыту» бағдарламасынан жеңіп алған гранттың қаражатына салған.
Аталған бағдарламаны Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жаныңдамын» қоғамдық қоры ұйымдастыруда. Бағдарламаға қатысуға Жылыой ауданы бойынша 4 өтінім қабылданып, комиссия қорытындысына сәйкес 2 жоба үздік деп танылған. Екі жобаның да жеңімпазы - Қосшағыл ауылдық округінің тұрғындары.
Айта кету керек ауыл жастарының бастамасы үшін қордан әр қатысушыға 1 миллион теңге қаражат бөлінген.