Айналасына тажал болып төнген тілсіз жау екі бірдей атпал азаматтың ажалына да себепші болды.
Тасқынның топан суы басқан аймақта қалған үйін тексеріп, қараймын деп досының тракторымен су кешіп шыққан 50-дегі азамат отбасына қайтып оралмасын, әрине, білген жоқ. Тасқынның астынан аңғармады ма, жолшыбай жолдан тайып кеткен трактор қос боздақты тажал ортасына ала кетті.
Сөйтіп отыз жылдан кейін бой көтерген алапат тасқын жылойлық қос азаматтың өмірін жалмады.
Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайына тексеру жұмыстарын жүргізу үстінде.
Өз тілшіміз