«Конституцияны жатқа білемін»

Аудандық білім бөлімі мен аудандық прокуратура бірлесіп тұңғыш рет мектеп оқушыларына «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Конституцияны жатқа білемін» сайысы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидаттарын насихаттау, азаматтық құқықтық мәдениетті көтеру және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасындағы сайыс 2025 жылдың 11 желтоқсан күні №6 жалпы орта білім беретін мектеп базасында өткізілді.

 Сайыстың мақсаты - білім алушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрметін арттыру, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Конституциялық нормаларды білуге ынталандыру және азаматтық жауапкершілікті көтермелеу;

 Сайыстың міндеттері:

-Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі баптары мен қағидаттарын меңгерту;

 - Құқықтық сауаттылықты дамыту;

- Оқушыларды мемлекеттік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; 

- Құқықтық бағыттағы білім беру ұйымдары мен құрылымдарының жұмысын жандандыру; 

- Заңды құрметтеу арқылы азаматтық жауапкершілікті арттыру; 

- Құқық қорғау органдары мен білім ұйымдарының өзара байланысын нығайту. 

І кезең – мектепішілік, ІІ кезең – аудандық, ІІІ кезең облыстық кезеңдер бойынша өткізіледі. Бұл сайысқа аудан мектептері арасынан барлығы 55 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. 9 сынып бойынша – 19 оқушы, 10 сынып бойынша – 18 оқушы, 11 сынып бойынша – 18 оқушы. 

Бірінші «Конституцияны жатқа білемін» бөлімінде қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары бойынша дайындалған 30 сұрақтан тұратын сауалнамаға жауап берді. Сауалнамаға жауап беру кезінде «академиялық адалдық» сақталып, әр қатысушы жеке парақтарға жауаптарын жазып орындады.

 Ал екінші «Конституция – күнделікті өмірде» бөлімінде ұсынылған жағдаяттық (ситуациялық) кейстерді Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарына сілтеу жасай отырып, нақты өмірлік құқықтық жағдайлардан дәлелдемелер келтіре отырып жауап берді.

Сайыстың кезеңдерінде сауалнама сұрақтары құқық саласының мамандары, мемлекеттік органдар өкілдері және білім беру саласының қызметкерлерінің тарапынан дайындалады.

 Қазылар алқасы аудан прокурорлары, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, ішкі саясат бөлімінің бас маманы және білім бөлімінің әдіскерлерінен құралды.

Қазылар алқасының шешімімен жүлделі І орын иелері:№15 С.Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Әйгерім Нартайқызы, жетекшісі - Индира Есқожиева, №21 жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Жанар Орынғалиқызы, жетекшісі - Аңсагүл Теңелбаева және №20 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжан Досжанұлы, жетекшісі - Гаухар Суламалиева. 

Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Енді аудандық кезеңнен Конституцияны жатқа біліп, жеңімпаз атанған оқушылар облыстық кезеңде бақ сынамақ.

 Гаухар Әубекер,

аудандық білім бөлімі әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT