Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа маңызды толықтырулар енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды.
Ол Комиссияға волонтерлік қызметтіконституциялық деңгейде бекіту туралыұсыныстар түскенін хабарлады. Нәтижесінде,қолданыстағы «Волонтерлік қызмет туралы»Заңды және қоғамның дамуы мен қоршағанортаны қорғаудағы волонтерліктіңмаңыздылығын ескере отырып, олар қолдаутапқанын мәлімдеді.
«31-баптың 2-тармағында ҚазақстанРеспубликасында ерікті әлеуметтіксақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудыңөзге де нысандарын құру, волонтерлік қызметжәне қайырымдылықтыңынталандырылатыны жөнінде толықтыру енгізілді», – деді Конституциялық соттөрағасының орынбасары.
Ол бұл идеяны іске асыру жаңаКонституция жобасының басқа ережелерінүйлесімді түрде толықтыратынын мәлімдеді.Атап айтқанда, Преамбула мен ҚазақстанРеспубликасының түбегейлі қағидаттарын,оның ішінде жауапты және жасампазпатриотизм идеяларын ілгерілету, еңбекқорлық құндылықтарын бекіту және т.б.
Бақыт Нұрмұханов басқа да өзгерістерҚұрылтайдың қызметін ұйымдастыруменбайланысты екенін айтты.
Мәселен, комитеттер менкомиссиялардың құрылу тәртібі, өкілеттіктері,қызметін ұйымдастыруды заңменайқындайтын жобаның 59-бабының3-тармағын алып тастауды ұсынды.
Ол қазіргі уақытта жоғары өкілді органныңкомитеттері мен комиссияларының қызметімәселелері «Қазақстан РеспубликасыныңПарламенті және оның депутаттарыныңмәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, «ҚР Парламентінің комитеттері менкомиссиялары туралы» Заңмен, Парламентпен оның палаталарының регламенттеріменреттелетінін еске салды.
«Бұл түзету аталған Конституциялықзаңда осы мәселелерді қамтуға және олардықұқықтық реттеу деңгейін арттыруға мүмкіндікбереді», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.
Ол сондай-ақ Конституция жобасыныңмемлекеттік және орыс тілдеріндегімәтіндерін жетілдіру жұмыстары жалғасыпжатқанын хабарлады.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жұмыстобы құқықтық нормалар мазмұныныңқолжетімділігі мен түсініктілігін қамтамасызету үшін тұжырымдарды оңтайландырубойынша шаралар қабылдауда. Бұл ретте жобалардың терминологиялық жәнесемантикалық бірыңғайлығын қамтамасызетуге ерекше назар аударылуда.
Атап айтқанда, Үкімет, Парламент,Президент Әкімшілігі, Конституциялықкомиссияның редакциялық-терминологиялықжұмыс тобы, «Қазақ тілі» Халықаралыққоғамы мамандары мен жұмысқа тартылғанлингвистердің ұсыныстары негізіндежекелеген редакциялық және стилистикалықтүзетулер жүзеге асырылды.



