Конкурссыз (тестілеусіз) тағайындалды

Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.

Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін 2023 жылы орташа 3,76 GPA мәнімен үздік аяқтаған Василий Жұлдыз Нұрбекқызы уәкілетті органның келісімі бойынша Қызылқоға ауданы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз