Компания қызметкерлері арасында өткен спорттық сайыс

«Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. - Офшор» (одан әрі ССЕР компаниясы) компаниясының қолдауымен және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен спорттық шара өткізілді. Спорттық шара кіші аяқ доп, үстел теннис, волейбол, арқан тартыс және қол күресі түрлерінен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша үстел теннисінен ерлер арасында І орынды Нұрбол Абдилдаев, ІІ орынды Руслан Серікқалиев, ІІІ орынды Алмаз Балабеков жеңіп алды. Үстел теннисінен әйелдер арасында І орынды Айкен Ертүгелова, ІІ орынды Мәрия Төлеуова Мария, ІІІ орынды Әлия Байдилдаева жеңіп алды.

Ал, кіші аяқ доптан І орынды «Аралас» командасы жеңіп алса, ІІ орынды ССЕР компаниясының «Әкімшілік» командасы және ІІІ орынды «CHI» командасы иеленді.

Сонымен қатар, арқан тартыстан да ССЕР компаниясының мердігерлері «ACG» командасы І орынды, «Maxwell» командасы ІІ орынды және «ССЕР» компаниясының командасы жүлделі ІІІ орынды місе тұтты.

Жарыстың бесінші түрі қол күресінен І орынды Мырзахмет Қоштай, ІІ орынды Жеңісұлы Нариман иеленсе, ІІІ орынды Нұрсұлтан Алимов жеңіп алды.

Жеңімпаздарды компания басшылығы, кәсіподақ ұйымының төрағасы және әріптестері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік шара қатысушылардың көңілдерінен шығып, алғыстарын білдірді.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз