Коммуналдық төлемдерді өндіру енді нотариустарға жүктелді

Биылдан бастап еліміздің бірқатар заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Соның бірі – «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Нотариат туралы» заңдары мен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі.

Осыған орай, аудандық соттың бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты судьясы Шолпан Исмағамбетова аудандық газет журналистерімен кездесіп, аталған заң актілеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес түсінік берді.

Аталған заңның жаңа талаптарына сәйкес борышкердің банктегі есепшотын, дүние-мүлкінің бар-жоқтығын анықтап, оларға тоқтам салу прокуратураның құзыретіне беріледі. Соттың міндетіне тек сотқа келмеген адамды мәжбүрлеп алдыру, ешқайда кетпеу жөніндегі санкция ғана қалдырылады. Заңның бұл өзгерістері алдағы сәуір айының 2-сінен бастап күшіне еніп, қолданысқа енгізіле бастайды. Сонымен бірге соттың құзырынан коммуналдық төлемге қатысты бережақтарды мәжбүрлеп өндіру секілді міндеттер де алынып тасталды. Бұдан былай монополист мекемелер газдың, су мен жылудың, электр энергиясының ақысын төлемей отырған тұтынушылардың бережағын нотариустар арқылы өндіріп ала алады. Бұл Азаматтық процестік кодекстің 135-бабы мен «Нотариус туралы» заңның 191-1-бабына енгізілген өзгеріске сәйкес іс асырылып отыр. Судья Ш.Исмағамбетова аталмыш заң талабының ақпан айының 3-інен бастап күшіне енгенін хабарлады. Мұндай норма соттардың жүктемесін біраз жеңілдететін болады.

Бұл жөнінде аудандық сотта барлық мүдделі мекемелер мен құзырлы орган мамандарының басқосуымен арнайы түсінік жұмыстары жүргізілетін болады.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT