Колледж жатақханасының құрылысы бақылауда

Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде студенттердің жағдайын жақсартуға тапсырма берген болатын. Онда студенттерге жатақхана салу мәселесін де қозғады. 2022 жылға дейін елімізде 75 мың студентке жатақхана салынып бітуі тиіс. Мұнда тек тұратын жайдың болуы ғана емес, сонымен бірге жастардың мәдени және интеллектуалды дамуы үшін барлық қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй алаңдарын салу айтылып отыр. Елбасының бұл тапсырмасы ауданымызда қалай орындалып жатыр? Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бақылау комиссиясы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде болды. Онда өткен жылы басталған 60 орындық жатақхана құрылысымен танысты. Бұл ғимарат облыстық құрылыс басқармасы тапсырысымен салынуда. Құрылысты мердігер «Ондасын строй» ЖШС жүргізуде. Құрылыс биыл мамыр айында тапсырылуы керек. 3 қабатты ғимараттың қабырғасы қаланып, төбесін шатырлау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар терезелері қондырылған. Жылу қазандығынан ғимаратқа дейінгі жылыту жүйесі жүргізілген. Сылау мен еденге бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың ішінде электр желілері жүргізілген, енді жылу жүйелерін жүргізуге дайындық жасалуда. Комиссия мүшелері мемлекет қаржысына жасалып жатқан жұмыстың сапалы болуы үшін сын-ескертпелерін айтып, жобада көрсетілген кемшіліктерге орай ұсыныстарын берді.

Қ.Нұртайұлы

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика