Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын тыңдай отырып, ел ертеңіне деген сенімнің нығайғанын ерекше атап өткім келеді. Президент көтерген мәселелер – халықтың шынайы сұранысына негізделген.
Президент әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға ерекше мән берді. Бұл – елдің ішкі бірлігін бекітіп, халықтың мемлекетке деген сенімін арттыратын басты бағыттардың бірі.
Жолдауда белгіленген міндеттер – қоғамды жаңғыртудың нақты жолдары. Ендігі мақсат – осы тапсырмаларды бірлікпен жүзеге асырып, еліміздің өркендеуіне үлес қосу.
Қала тұрғыны
Нұрсұлтан Ізбасаров



