Қоқыс төкпе, төбеңнен қарап тұр!

«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰҚ» түсірілімінің нәтижесінде аудан аумағындағы түрлі қоқыс үйінділері анықталды. Жақында жерсерігі арқылы қараған сәтте аудан төңірегінде тұрғындардың өз бетімен төккен 112 белгіленбеген қоқыс «полигоны» бар екені белгілі болды. Оның 95-і Құлсары қаласының еншісіне тиетін болып шықты.

Бұл, әрине, онсыз да өңірде асқынып тұрған экологиялық мәселені одан бетер ушықтыра түсетіні белгілі. Сондықтан ауданда заңсыз төгілген қоқыс «полигонын» шұғыл түрде тазарту жұмыстары басталып кетті. Нәтижесінде күні бүгін 50-ден астам қоқыс үйіндісі жойылып, арнайы орындарға тасымалданды. Қазіргі таңда қалған лас жерлерді тазалау іс-шаралары қолға алынды. «Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың міндеті. Табиғатты қорғау арқылы қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бірге үлес қосамыз. Ал, белгіленбеген жерлерге қоқыс тастауға тыйым салынған және рейд барысында заң бұзушыларға айыппұл салынатынын ескертеміз. Тазалықты сақтау мақсатында аумақтарды қайта ластамау сұралады» - делінген аудан әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT