Қойсары ауылы таратылады

Жем ауылдық округіне қарасты Қойсары ауылы таратылып, оның аумағы Қараша алді мекенінің құрамына қосылатын болды. Онда тұратын санаулы ғана тұрғынның өзі де көрші елді - мекенмен бірігуге қарсы емес. Керісінше,жақын арада не мектеп, не балабақша салынбайтын, бір сөзбен айтқанда, болашағы бұлыңғыр ауылда тұрақтаудың өзі нәтижесіз болайын деп тұр. Оны тұрғындар жақсы біледі.Бұл жөнінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс 8-сессиясында хабарлама жасаған ауылдық округ  әкімі Данияр Айтпенбет мәлім етті.

        Иә, «Жем ауылдық округіне қарасты Қойсары елді-мекенін тарату және оның аумағын Жем ауылдық округіндегі Қараша елді-мекенінің құрамына енгізу туралы» мәселе аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаевтың төрағалығымен өткен сессияда қаралды. Бұл туралы сессияға қатысқан аудан әкімі Жұмабек Қаражанов өз ойын ашық жткізіп, мәселеге орай нақты түсінік берді.  

        Сессияның күн тәртібіне сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімінің басшысы Жанар Қазиеваның хабарламасы да тыңдалды. Онда мәслихат депутаттарының шешімін қажет ететін кейбір мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»,  аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 «Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Жылыой ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер алдын ала аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында талқыланып, сессияда нақты шешімдер қабылданды.

Перизат ТӘЖІ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521