Қой қоздап, қорада шу...

Кәрі құда келді жан танымаған,

Нұр көктемді күтеді сағына адам.

Төлдің басы көбейіп жатыр күнде,

Азан-қазан аула іші азынаған.

 

Тіршілік те қыстақта қыза түсер,

Бала кезден таныс сәт бәрі маған.

 

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу

Қозы-лақтар ойнақтап маңыраған.

Бөтелкеден сүт ішкен жас сәбидей,

Қошақаннан айналдым жамыраған.

 

...Сол «әуенді» сағынып келіп қалдым,

Балалықтың бақытты бағына аман.

Ауыл, бізді осылай шақырады,

Балдәуренді оралтып тағы маған!

Е.АЛТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT