Қоғамдық штаб арқылы Жылыойда 635 адамға дәрі-дәрмек таратылды

Жылыой ауданы ТЖ жөніндегі Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қоғамдық штабтың бекітуімен дәрігерлік есепте тұрған тұрғындарға медициналық қызметкерлер арқылы дәрі-дәрмек жеткізілуде.

«Құлсары қаласы бойынша бекітілген 37 пункт арқылы, тасқын кезінде барлығы 635 адам дәрі -дәрмек жеткізілді. Қазіргі уақытта Қоғамдық штаб жұмысына штаб мүшелерінен бөлек, 20-ға жуық волонтер гуманитарлық көмекті жеткізуге жұмылуда» деді Жылыой ауданы ТЖ жөніндегі Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев.

Еске сала кетелік, Құлсары қаласындағы ТЖ жөніндегі қоғамдық штаб Махамбет даңғылы, N9 орта мектеп акт залы мекен-жайы бойынша орналасқан. Штабтың жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT