Қоғамдық штаб арқылы 5000-нан астам отбасыға гуманитарлық көмек жеткізілді

Атырау облысы Жылыой ауданында ТЖ-ға байланысты құрылған Қоғамдық штабта 14-сәуірден бастап 3600ден астам құлсарылық кеңес алды. 4 мамырдағы мәліметке сүйенсек, кеше бір күнде Штаб құрамы 60тан аса тұрғынды қабылдады.

Бұдан бөлек тасқын судан зардап шеккен 5000нан астам отбасыға гуманитарлық көмек таратылды. Жақында Жылыой ауданына Алматы кәсіпкерлер

ассоциациясынан 20 тонна, Шымкент кәсіподағынан 6 тонна әртүрлі гуманитарлық көмек жеткізілсе, Атырау қаласы гуманитарлық пунктінен 10 тоннадан астам құс еті жөнелтілді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 653 адам дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Еске сала кетелік, Қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында қызмет көрсетуде. Байланыс телефондары: 8700 245 9329 8775 711 8354 8775 361 1438

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT