Қоғамдық келісім кеңесі рейд жұмысын жүргізді

Аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі аудан әкімі бекіткен жылдық жоспары бойынша тауарлар сапасы мен азық-түлік бағаларының негізсіз өсуін бақылау мақсатында мониторингтік топ құрып, Құлсары қаласындағы Орталық «Беркад» базар маңындағы көтерме сауда дүкендерін аралап шықты.

photo_2022-02-02_17-33-50-2

Мониторингтік топ жетекшісі аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Ақназаров бастап, құрамында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің аудандағы сарапшысы А.Сыдықова, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы А.Жанаева, «Кең Жылыой» газетінің бас редакторының орынбасары Е.Қошақанов, аудандық санитариялық-бақылау басқармасының бөлім басшысы Ж.Төлеуішова, Жастар ресурстық орталығының маманы А.Мұхамбетярова болды.

Рейдтің негізгі мақсаты - тұрғындарға бірінші кезекте қажетті әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тағамының мемлекет белгілеген шекті бағадан асып кетпеуі және аймақта індет өршіп тұрған қазіргі уақытта санитарлық талаптардың орындалуын қадағалау.

Биылғы 1 тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдарының мемлекет белгілеген шекті бағасы әлі бекітілмеуіне байланысты, топ мүшелеріне былтырғы 4-тоқсан бағамымен салыстырмалы түрде қорытынды жасауына тура келді. Анықталғаны, азық-түлікте былтырғы жыл соңындағы бағадан қатты ауытқушылық жоқ, бірақ көкөніс пен жеміс-жидекте өсіңкілік байқалды. Жеке кәсіп иелері тауар ұсынушылардан алған бағасына қарай өздерінің сату бағасының үстіне азғантай қосатындығын жеткізді. Сонымен қатар, кей сауда орындарында антисептиктердің болмауы, сатушылар мен келушілердің маскасыз жүруі, дүкеннің айналасы қоқысқа толып кетуі байқалып, ескертулер берілді.

Рейдтер тоқсан сайын өткізіліп, қортындысы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысында талқыланатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521