Қоғам болып күресетін кесел

Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әрі кеселі көп құқық бұзушылық түрі. Осы бір қылмыс түрі экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және әлеуметтік ахуалды әлсіретеді. Бұл – жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекетке қауіп төндіретін қылмыс. Сондықтан біз күнделікті қызмет барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарының қойылған талаптарын қатаң сақтап, өзге мемлекеттік қызметкерлердің заңды белшесінен басуына жол бермеуіміз керек.

Қоғам дертіне айналған қылмыспен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Соны жете сезініп, жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ, жолын кесуге болады. Бірақ өкінішке қарай, айта кететін мәселе, ол - тұрғындардың жемқорлыққа қарсы күрес туралы сауатының аз болуы. Шын мәнінде, осы бір ауыр қатерді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана емес, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жеңуге болады.

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы шаралардан хабардар. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты қызметкерлерінің қызмет көрсететін саласының бір тармағы ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жұмыс істейтін құқық қорғау органдарымен бірлесіп құқықтық оқулар өткізіп, өзара іс-қимыл әрекеттері жанданып тұрады. Мекемемізде семинарлар, кездесулер, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар, мекеме ғимаратының бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қабылдау үшін жәшік орналасқан. 5-01-19 сенім телефоны жұмыс істейді. Еліміздің барлық азаматтары күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін тоқтатудың барлық амалдарын қолданып қана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруына болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу - Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Бұл ретте біз - мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты қолдап, оның орындалуына басты себепкерміз. Осы кеселге қарсы қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен іске асырылуы тиіс. Сондықтан алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықпен күресті пәрменді жүргізе бермекпіз.

Қадыржан Адинов,

Құлсары қаласы әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT