Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеуде

Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығын (бұдан әрі - Әдістеме) зерделеді.

Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген.

Осы нормативтік актіге ағымдағы жылдың 21 ақпанында Бас көлік прокуратурасымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық келтірілді, ол толық көлемде қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында.

Прокуратура бастамашылығымен енгізілген түзетулер жолаушыларға пойыздарда жүру құнын едәуір төмендетуге және билеттердің шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.

Бас көлік прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT