Күннің суытуынан Атыраудағы су сорғы станциялары жұмысын тоқтатқан

Күннің суытуынан Атыраудағы су сорғы станциялары жұмысын тоқтатқан
Фото: atr.kz

Атырау қаласында кеше түннен бері су беру тоқтап тұр. Атырау қаласы әкімдігі бұл мәселені аяздың басталуымен байланыстырып, сорғы станцияларында мұз қалыптасып, Жайықтан су алу қиындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
“Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына аяздың басталуына және судың жылдамдығының төмендеуіне байланысты қала мен қала маңындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету көзі болып табылатын Жайық өзенінде мұздың қалыптасқанын хабарлайды. Осы себепті су алатын құрылыстардың сорғы станцияларынан су алынатын жерлерде мұз (шауш) пайда болды. Бұл құбылыс қаланың су қабылдағыш құрылымдарының жұмысын тоқтатты. 
Қазіргі уақытта барлық жұмыстар орындалып, су алу жұмыстары жүріп жатыр. Қала тұрғындарын сумен толық қамтамасыз ету  2-3 сағат ішінде қалпына келтіріледі. 
Аталған орында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, қала әкімі Шәкір Кейкин бар. Жағдай облыс басшылығының бақылауында”, – делінген жазбада.


https://atr.kz/zhanalyqtar/atyrau-qalasynda-su-sorgy-stanciialary-isten-shyqqan

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT