Жылыой ауданында тасқын судың салдарын жою жұмыстары жалғасуда,-деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.
«Жылыой Тазалык» ЖШС-нің директоры Бауыржан Абрахмановтың айтуынша, қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлері Құлсарының кезінде су басқан көшелерінен тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жалғастырып жатыр.
- Бұл жұмыстарға кәсіпорынның 50 жұмысшысы, сондай-ақ, 20 дана арнайы техника (5 жүк тиеуші, 15 өзі төгетіңн машина) тартылып отыр. Қазір авариялық үйлерді бұзу және жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан қоқыстарды шығару жалғасады,-деді Б.Абдрахманов.
Еске сала кетейік, бүгінде жергілікті тұрғындардың 200 жуық үйлерін бұзу жұмыстары жүргізілуде.