Биыл Жылыой ауданында жол құрылысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақ
Құлсары қаласындағы автомобиль жолдарының қайта жаңғырту (4-кезең) бойынша жұмыстар 2025 жылы ІІ тоқсанында басталады. Аудан әкімдігінен білгеніміздей, бұл жоба шеңберінде Құлсары қаласының 257 көшесіне жалпы ұзындығы 76 шақырым автомобиль жолдарын салу жоспарланған.
Ақмешіт тарихи-мәдени туристік орнына автомобиль жолының жалпы ұзындығы 34,8 шақырым. Автомобиль жолы техникалық шарттарға сәйкес IV санатқа жатады. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылы ІІ тоқсанда бастау алады.
Құлсары қаласы Ұ.Абдрахманов көшесі бойында орналасқан автомобиль көпірін жөндеу мақсатында 2024 жылы 4 тоқсанда ЖСҚ жасақталды. Көпірдің ұзындығы -24,9 метр. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылы ІІ тоқсанда бастау жоспарланып отыр.
Құлсары қаласының Ы.Алтынсарин, М.Танкыбаев, М.Кенганов, №88, Нарынбай батыр, Ш.Ізбасов көшелеріне жалпы ұзындығы 6 шақырым орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында техни