Құлсарыдағы жағдай күрделі

"Кең Жылой" газетінің журналистері түнгі сағат 01.30 минут шамасында қаланың "Достық" ықшамауданы мен 5-учаске аралығындағы көпір маңында да болды.
Бұл жерде де Құрсай өзегі арнасындағы тасқын су көпір ернеуін бұза-жара толассыз ағып жатыр. Екі жақ жағалаудағы ауылдың белсенді азаматтары дамыл таппай өзек арнасын бекіту жұмыстарын қызу жүргізуде. Көпірге баратын тасжолдарды жол-патрульдік полициясының қызметкерлері екі жағынан жауып тастаған. Өйткені көпірдің үстінен өту қауіп төндіруде.
Тек жедел штабтан жіберілген ауыр жүк көліктері мен арнаулы техникаларға рұқсат етілген. Олар жағалауға бірнеше рейс топырақ төгіп, тұрғындарға көп көмегін тигізуде. Осыдан-ақ Құлсары қаласындағы жағдайдың сәуірдің 3-іне қараған түнде күрделене түскенін көруге болады.

Аудандағы жедел штаб тәулік бойына дамылсыз жұмыс жасап тұр.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521