Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Құлсары қаласында ықшам аудандарды су басу аумағы әркелкі. Су басқан ықшам аудандарда судан зардап шекпеген тұрғын үйлер де бар. Аталған тұрғын үйлерге жарық беру басты назарда.
- Қазіргі кезде 4 ауыл Қауқаев, Тауманов көшесінде жарық желілерін қалпына келтіру жұмыстарына 4 жұмысшы топ, 5 техника жұмылдырылған. Аталған жұмыстың нәтижесінде 40-тан астам тұрғын үй мен орталық базар маңындағы 10 заңды тұлға жарығы қалпына келтіріледі,- деді «Атырау Жарық» АҚ Жылыой аудандық электр жүйесінің басшысы Марат Мендияров.