Құлсарыда жанармай бекетінде болған жарылыстан 2 адам қаза тапты

 

Құлсары қаласындағы Махамбет Өтемісұлы даңғылында газды-ауалы қоспаның жарылысы орын алды,-деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті. Жалын газ құю бекетін, үш бір қабатты үй мен жақын маңдағы екі қабатты ғимаратты шарпыған.

Оқиға орнында 60 құтқарушы мен 10 техника жұмыс істеуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, 14 адам зардап шеккен. Олардың екеуі қаза тапты. Төтенше жағдайдың себебі анықталу үстінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT