Құлсарыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Бүгін Құлсары қаласы №1 ықшам ауданында жаңа спорт кешені ресми түрде ашылып, пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Екі қабаттан тұратын спорт кешенінің көлемі 1543,5 шаршы метр. Қала жастары футзал, дзюдо, бокс, күрес секілді спорттың төрт түрі бойынша жаттығады. Бұдан бөлек 150 орындық көрермен залы және жаттығу залы бар. Кешеннің негізгі залы футболға арналған. Онда футболға қажетті барлық құрал- жабдықпен, арнайы төсенішпен қапталған.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Жұмабек Қаражанов қатысып, жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Спорт кешенін салған мердігер мекеме - «Sala» ЖШС.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521