ҚҰЛСАРЫ – ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ
-
Информация о материале
-
Read Time: 1 min
-
-
150
Елімізде түрлі ұлттық жо балар аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Жалпы елдің дамуында, соның ішінде әлеуметтік экономикалық саланың өсіп өркендеуінде ұлттық жоба лар шешуші рөл атқарады. Оларды жүзеге асыру мем лекет алдында тұрған түрлі міндеттерді іске асырып, маңызды мәселелерді шешу ге ықпал етеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады.
Дәл осындай жобаның бірі - 2021 2025 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасы. Мемлекет басшысы бұл жобаның тізбесін 2021 жылы 13 қазанда бекітті.
Ұлттық жобаның мақсаты – ел халқының негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайы мен көлік байланысын жақсарту. Осы бағытта тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарлама біріктіріліп, біртұтастықта жұмыс істей бастады. Нәтижесінде көптеген қордаланған мәселелер өз шешімін табуда.
Айталық, былтыр Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылы бойында орналасқан ескі қос қабатты тұрғын үйлер бұзылып, қазірдің өзінде тұрғындар тұруға жарамсыз деп танылған баспаналар тізімі шығарылды. Ал қаладағы 18 көпқабатты тұрғын пәтерлер орналасқан ықшамаудандағы үйлердің қасбеті мен шатыры ауысты рылу үстінде. Жаз айларында басталған жұмыс әлі жалғасын тауып жатыр. Жөндеу жұмыстары І ықшамауданға қарасты М.Өтемісұлы даңғылында орналасқан №19, №20, №22, №23, №24, №25, №26, Ж.Таңқыбаев көшесіндегі №30, ІІІ ықшам аудандағы №45, №48, №1, Қ.Сатанғұлов көшесіндегі №33, №406, №41, «Орталық» ықшам ауданда орналасқан №22, №28, №187, №188 үйді қамтиды. Бұл жұмысқа 6 мердігер мекеме тартылған. Олар көпқабатты үйлердің сыртын арнайы материалмен қаптап, шатырын ауысты руы тиіс. Қазіргі уақытта «Орталық» ықшамауданындағы №22 үйді жөндеу жұмысы толық аяқталған.
- Қаржыландыру көздеріне сәйкес көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары аясында үйлер заман талабына сай полифасад материалымен қапталып, терезе, домофон мен шатыр толықтай ауы стырылатын болады, - деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дархан Садуов.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы ая сында, сондай-ақ, қаладағы инфрақұрылымдарды дамыту бойын ша 21 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып жатыр. Сонымен қатар 11 әмбебап ойын алаңы тұрғызылды. Алты ықшамауданның ауласын абат тандыру жұмыстары да қолға алынды. Бұдан басқа көктемгі су тасқынынан баспанасы зардап шеккен тұрғындарға «Болашақ» ықшамауданынан жаңа 100 пәтер санылып жатса, қазіргі таңда сол жаңа баспананың алғашқы 60 үйіне тұрғындар бастап қоныс теуіп отыр. Сондай-ақ тасқын судан бүлінген асфальт жолдар мен 17 шар шы метр төсемтас қайта ауыстырылып, жаңартылды. Қаланың 41 көшесіне жаяу жүргінші жолдары төселді.
-Қала тұрғындарына қажет дүниенің бірі – маршруттар тоқтайтын аялдамалар бола тын. Биыл Құлсарыға оның 80-і қондырылды. Оның 75-і ашық түрі болса, 5-еуі – жылы аялдама. Сондай-ақ биылдан бастап қалаға көпжылдық гүлдер отырғызылды. Енді оларды жыл сайын ауыстырудың қажеті болмайды,-дейді қала әкімі Қадыржан Адинов.
Су тасқынынан кейін қаланы қайта жаңғырту жұмыстары бойынша «Достық» ықшамауданындағы көпір жаңадан салынатын болды. Қазіргі таңда жобасы мемлекеттік сараптама дан өтіп, қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстары қараша айының басында басталады. Сондай-ақ автомобиль көпірлеріне де жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
П.ҚИЗАТОВА