07.04.2024 жылғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, 2810 үй мен қоғамдық (әкімшілік) ғимараттар су астында қалды.
6 бизнес нысандарының аула аумағын су басты.
"Атырау-Доссор-Бейнеу" республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы қозғалыс су астында қалып, жол жабылды.
Ағымдағы жылдың 31 наурызынан бастап су басу қаупіне байланысты 29 545 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның ішінде балалар саны - 7396 Эвакопункттерде 8011 мың адам орналастырылған. Оның 4578-і балалар.
Су басқан 7 шағын ауданда (Атырау, Достық, Мирас, Жадырасын, Мерей, Шұғыла, ауыл мешіті) эвакуация жүргізілді.
Тағы 7 шағын ауданға қауіп төніп тұр. (Береке, СМП224, 9 ауыл, Атамұра, бірінші аудан, үшінші аудан, Бесінші ауыл)
6 сәуірде су тасқыны болуы мүмкін аймақтан уақытша эвакуациялық пунктке (№6 орта мектеп) "6 ауыл" шағын ауданынан 40 тұрғын қоныс аударды.
Атырау облысының жедел штабы