Жем суының мол келгендігі соншалық, елді мекендерді айтпағанда, өңірдің күре тамыры – тасжолдарға да қауіп төндіре бастады. Соның кесірінен, қатынас мәселесі туындай ма деген қауіп те жоқ емес.
Бүгін әлеуметтік желіге тараған бейнебаянға қарағанда, Құлсары мен Доссор аралығының ауданға қарасты бөлігінде орналасқан республикалық тасжолдың үстіне су шыға бастаған. Бейнежазбаны түсірген адамның сөзінен тасқын шайған жер Шоқпартоғай мен Комсомол елді мекені аралығындағы асфальттың ойпаң бөлігі.
Өз тілшімізден