Құлсары-Атырау бағытында 5 вагондық пойыз тегін қатынайды

ҚТЖ ҰК АҚ Құлсары-Атырау бағытында 5 вагондық пойыз қатынайды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

05.04.2024 жыл, сағат 10:30-да Құлсары станциясынан Атырауға жүретін болса, 19:00-де Атыраудан Құлсарыға жүретін болады.

Сондай-ақ, жолаушының сұранысы негізінде, жолсерікке алдын ала ескерту арқылы Шоқпартоғай және Мақат станцияларына тоқтайтын болады.

Пойыз тұрғындарды тегін тасымалдайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521