Жалпы көлік салығын төлеу мерзімі – келер жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмеуі тиіс. Яғни өткен 2023 жыл үшін міндеттемені 01.04.2024 жылдың 1 сәуіріне дейін орындау керек. Егер бұл әрекет уақытылы жасалмаса, әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Бүгінгі күнге аудан көлемінде жеке тұлғалардың жалпы сомасы 49 млн.теңге түрлі мүліктік, соның ішінде көлік құралдарына салынатын 48 млн.теңге салықтық қарыздары бар. Биылғы жылдың 26 мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлер тізімі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыға жіберілді.
Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Ал 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасса, Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Жеке сот орындаушылар өз қызметі үшін салық төлемеген адамның берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. Салық берешегі туралы мәліметтерді, "e - Salyq Azamat" мобильді қосымшасының Электронды сервистер - Салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисінен тексеруге болады. Ол үшін ЖСН терсе жеткілікті.
Бұдан басқа Салықты төлеуге болады:
- "E-Salyq Azamat "мобильді қосымшасының" Салық әмияны " сервисі арқылы; - Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар). Көлік бойынша қате деректерді "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы көліктің есептен шығарылғаны және басқа да мәселелер бойынша сұрау салу арқылы түзетуге болады. Жоғарыда айтылған мәліметтерге байланысты туындаған сауалдар болса, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына және ондағы 5 12 33, 5 13 39 телефон нөмерлері арқылы хабарласып, білуге болады.
М.Талап,
аудандық Мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы