Көлік салығын төлеу мерзімі әрбір келер жылдың 1 сәуіріне дейін өтелуі тиіс. Өкінішке қарай, қазір жүргізушілер арасында өткен жылдарға арналған берешегін әлі төлемеген жандар да кездеседі. Олар 2023 жылдың міндеттемесін 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін кешіктірмей орындауы тиіс еді. Бірақ... Қазіргі таңда ондай көлік иелері үшін 02.04.2024 жылдың 2 сәуірінен бастап әрбір кешіктірілген күні үшін өсімпұл есептеліп, қосылып келеді. Айталық, күні бүгін аудан бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығының жалпы сомасы 49 млн. теңгеге, соның ішінде көлік құралдарына салынатын салықтың берешегі 21.0 млн теңгеге жетуі – соның айғағы. Өткен жылдың 26 мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілді. Ал заңға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Ал берешегі 40 айлық есептік көрсеткіштен асса, онда Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Бұдан басқа жеке сот орындаушылар негізгі қарыз сомасынан басқа берешектің 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады. Жалпы салыққа берешектің бар-жоқтығы туралы мәліметтерді «‘e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының – Электронды сервистер –Салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисіне ЖСН енгізу көмегімен тексеруге болады. «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» сервисі арқылы да көре аласыз. Екіншіден, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан да болады. Мәселен, post.kz., kaspi.kz., homebank және де басқалар. Жоғарыда айтылған мәліметтерге байланысты сұрақтар туындаса, онда Мемлекеттік кірістер басқармасының 8(712-37)5-12-05, 8(712-37) 5-13-39 телефон нөмірлеріне хабарласып, жауап алуға болады. С.Бітімәлиева, аудандық Мемлекеттік кірістер баскармасының бас маманы
Көлік салығын төледіңіз бе?
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 73
