Көлік құралдары салығы

Көлік құралдары салығы
Фото: ашық дерек көзінен алынды

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, онда Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 490-бабының 1-тармағына сәйкес, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

Салық төлеу мерзiмi мен тәртібі 494-баптың   1-тармағы бойынша жүргізіледі. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген жерiнен салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей енгiзіледі.

Салық Кодексінің 495-бабының 1-тармағы сәйкес,  1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы көлiк құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңi болып табылады.

Салықтық есептілік 496-бабында қарастырылған. Төлеуші – заңды тұлғалар көлiк құралдары салығын ағымдағы төлемнің есеп-қисабын – жылдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан қалдырмай салық салу объектiсiнiң тiркелген жерi орналасқан салық органына ұсынады.

М.Дилмаганбетова, салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT