Көкейді көп сауал мазаласа...

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) - биылғы жылдың ең көп талқыланатын жаңалығының біріне айналды. Ол жұмысшылардың қай санатына арналған? Оларды қалай дұрыс төлеуге болады? Қандай мақсатпен енгізілді? Осы және басқа да сұрақтар салымшыларды жиі мазалайтыны анық.
Міне, осы халықтың көкейіндегі көп сауалдың барын жақсы білетін "БЖЗҚ" АҚ басшылығы осы наурыз айының 15-і күні таңертеңгі сағат 10-да «Ашық есік күнін» өткізуді ұйғарды. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде онлайн форматта ұйымдастырылған бұл шараға аудандағы қор мамандары да белсене араласып, салымшылардың қойған кез келген сауалына жауап беруге дайын. Күннің басты тақырыбы – "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ". Әрине, іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдіруші сілтеме бойынша өтуі қажет

https://enpf.webex.com/weblink/register/reee7e5a135cd88b1d3930af346b3ff08. Содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізіңіз: 2512 423 7095 және event-кеңестің паролі: 12345

Өз тілшімізден ​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521