"Көк тудың желбірегені..."

 


   Бүгін Жылыой ауданында 25 қазан — Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.  Құлсары қаласындағы  Рәміздер алаңында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Сарманов, аудандық мәслихат төрағасы Қ. Мыңбаев, аудан әкімінің орынбасары Г.Айшуақова, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, саяси партия жетекшілері, қоғамдық ұйым басшылары мен  белсенділер қатысты. 
  Жергілікті тұрғындар мен ардагерлер, әскерилер, жастар "Көк тудың желбірегені" әнімен Мемлекеттік туымыздың көтеріліп,  көк байрағымыздың көкте желбірегенін салтанатты сәтіне куә болды. Шараға қатысқан аудан тұрғындары еліміздің әнұранын қосыда бірге шырқады. 
Ұлттық мерекеге орай, құттықтау тілегін білдіру үшін аудандық Ардагерлер кеңесі мен аналар кеңесінің төрағалары Г.Арыстанов,  М.Әбдіғалиевалар сөз сөйлеп, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
 -Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл – "Жаңа Қазақстан" үшін маңызды шешімнің бірі. Бұл күн – қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Бұл декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы болды. Декларацияны қабылдау арқылы Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, саяси жолы бекітілді. Сондықтан да Респубика күнін елдің еңсесін көтеріп, отаншылдықты дәріптейтін бастамалармен атап өту – маңызды-деді. 
Бұл күн көктің оты - Көк Тәңірі қолдаған, көк аспанның сеңгіріндей желбіреген байрақты бабалар аманаты, елдік пен еркіндіктің дәйегі. Алты алаштың баласын алты қанат киіз үйдің басында бір шаңыраққа біріктірген осынау ұлттық мерекеге жылыойлық тұрғындар да осылайша үн қосты.


П.Қизатова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT