Кітапхана – халық жады

Ұлттық Құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың кітап пен кітапхананың қоғамдағы орнын ерекше атап көрсетуі біз үшін ғана емес, барша ел жұрты үшін жақсы жаңалық, керемет бастама болды.

Мемлекет басшысының 2023 жылы Түркістанда өткен Құрылтайда тәулік бойы жұмыс жасайтын заманауи кітапханалардың салынатыны туралы айтқан тапсырмаларының Алматы және Астана қалаларында көп ұзамай іске асатыны туралы мәлімдеуі және Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастаманы қолдайтындығы көңілге жылылық ұялатып отыр. Әсіресе қазақ тілінде жарық көрген өзіміздің әдеби кітаптарымыз бен әлемдік классиктердің ана тілімізде аударылған туындыларын кітапханаларда көбейту – құптарлық іс. Қазірдің өзінде жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру мақсатында түрлі шаралар өтіп жатыр ғой. Ал Президенттің кітапхана, жалпы кітап туралы айтылған осы Құрылтайдағы сөзінен кейін халықты жаппай кітапсүйгіштікке тәрбиелей аламыз деп үміттенемін.

Кітап – рухани қазына, баға жетпес құндылық. Олай болса, құндылыққа жақын болу, оған сүйіспеншілік таныту, кітапты тұрақты серік ету – адами қасиеттің бір қырына айналғаны абзал. Неге десеңіз, оқу сауаттылығы – тұлға қалыптастырудағы маңызды көрсеткіштің бірі. Мектепте рухани адамгершілікке, патриотизмге, еңбекке баулу сияқты, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру да тәрбие жұмысының басым бағыттарының біріне айналса дейсің. Бұл мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін дамытуға, кітап мәртебесін көтеруге, кітап оқуды әдетке айналдыруға зор ықпалын тигізері хақ.

Осы орайда Мемлекет басшысының болашақ ұрпақ үшін барлық мүмкіндіктер туғызуға деген игі істері мен жаңашыл бастамаларын қолдаймыз.

Балзия Кенжебекова,

аудандық орталық кітапхананың директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521