КІТАП ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ
-
Информация о материале
-
Read Time: 1 min
-
-
115
«Кітап – білім бұлағы» болса, кітапхана – рухани байлықтың ордасы. Ал оқырман – кітапхананың жаны деп айтсақ қате емес. Себебі, оқырман болмаса, кітапхана да өз міндетін толық атқара алмайды. Кітап қасиетті ұғым ретінде бағалануы керек.
Аудандық кітапхананың қоры биыл 1339 жаңа кітаппен толықты. Оған балаларға арналған әдеби кітаптар, сонымен қатар роман, хикаялар, тағы да басқа жанрда әдебиеттер келіп түсті. Бұл жөнінде кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Қ.Бөлегенова хабарлады.
«Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы» дегендей, оның айту ынша, аудандық кітапханаға келіп түскен кітаптарды атап өтсек, олардың қатарында жазушы Мереке Құлкеновтің "Жұлдыз және Әуезов", атыраулық қаламгер Өтепберген Әлімгерейдің «Қызыл кітап», Ду ман Рамазанның "Жан", Аманкелді Кеңшіліктің "Мұқағали ғасыры", Әмина Құрманғалиқызының "Әулет пен нәубет", Сайпеден Сидағалиевтің әйгілі былғары қолғап шебері Болат Теміровтың ғұмырнамасы туралы жазылған «Қазақ спортының құлагері» атты естелік кітаптары т.б. бар. Сонымен бірге балаларға арналған Әлия Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері», Әсел Имайоның «Сиқырлы скрипканың ертегілері», Мұзафар Әлімбаевтың «Алақай, балақай», Мұхамеджан Етекбаевтың «Алатау ертегілері», Мусаев Уразбайдың «Су сыма ертегілері» атты шығармалары бар.
- Жалпы кітапхана қоры қазіргі таңда 212983 кітапты құрап отыр. Ал оқырман саны – 19000. Абайдың «Артық білім – кітапта, ерінбей оқып көруге» дегендей, жаңадан түскен шығармалармен танысып, оқу үшін мектеп оқушыларын, жа старды, жалпы аудан жұртшылығын кітапханаға шақырамыз,-дейді Қ.Бөлегенова.
П.ТӘЖІ