ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

Соңғы жылдары аудандағы қоғамдық ұйымдардың белсенділігі жоғары.

Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов 27 ақпан - Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйым күніне орай Жылыой ауданы бойынша Үкіметтік емес ұйым басшыларымен кеңес өткізді.

Қоғамдық ұйымдар күні – бұл үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы білуге және қоғамның дамуына қосқан үлесіне алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік. Бұл бостандыққа, адамзаттың мәдени мұрасы мен болашағына қамқорлық жасауға және оның құндылығын мойындауға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық құндылықтарын көрсететін халықаралық символ.

Тәуелсіздіктің 30 жылында елімізде үкіметтік емес ұйымдардың берік қоғамдастығы қалыптасты. Соның ішінде, қоғам дамуының өзекті мәселелеріне азаматтық құрылымдардың белсенді араласа бастағанын Жылыой ауданында Үкіметтік емес ұйымдар санының жылма-жыл артып отырғанынан байқауға болады. Соңғы жылдары аудандағы қоғамдық ұйымдардың белсенділігі жоғары. Түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін көтеріп, атқарушы органдар мен халық арасындағы байланысты үйлестіріп отырған іргелі ұйымдар біздің ауданымызда да нәтижелі жұмыстар жүргізіп келе жатқанын көріп отырмыз.

Әрқайсыңыздың атқаратын қызметтеріңіз қоғам өмірінде маңызы зор десек артық айтқандығымыз емес. Бүгінгі жиын барысында бірлесіп атқаратын жұмыстарымызға көз жүгіртіп, проблемалық мәселелер болса талқылайық деп жиналып отырмыз. Сіздердің әрқайсыларыңыздан арттарыңызда белгілі бір әлеуметтік топ тұр. Бірің ардагерлердің мүддесін көздесеңіздер, бірің мүмкіндігі шектеулі жандардың, бірің кәсіпкерлердің, жастардың, оралмандардың, Ауған ардагерлерінің, шығармашылық ортаның деген секілді. Ауданымыздың болашағын дамыту бағдарламасын әрбір тұрғынға жете түсіндіріп, оны дәріптеу, насихаттау - баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұған тек атқарушы органдар ғана емес, аудандағы қоғамдық бірлестіктер де атсалысуы қажет деп білеміз. Барлықтарыңызды Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйым күнімен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, мемлекетке, халыққа қызмет ету жолындағы еңбектеріңізге толымды табыс тілеймін,- деді Х.Жамалов.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қараша айында өзімнің төрағалығымен өткен, "Теңізшевройл" ЖШС-нің Үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев, Орталық Азия Еуразия Қоры директоры Ринад Темирбеков, Атырау облысындағы белгілі ҮЕҰ мүшелері мен аудандағы ҮЕҰ төрағалары, әлеуметтік кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысуымен фасилитация форматында кездесу өтті.

Үздік деп танылған жобаларды қаржыландыруға қаражат қарастыруға ұсыныс енгізіліп, аталған ұсыныстар нәтижиесінде 2021 жылы "ТШО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобалары Құлсары қаласында өз жалғасын табуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT