Әкімдерді халық өзі таңдайды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында өзінің жыл сайынғы кезекті Жолдауын жариялады.
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты бұл жолғы Жолдауы да халықтың көкейінен шықты деп есептейміз.

Онда көтерілген мәселенің бірі – жергілікті әкімдерді тікелей сайлау мәселесі. Бұл сайлау «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» негізінде жүзеге асқаны рас. Бұл мәселені Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында көтерген еді. Міне, содан бері ауылдың әкімдерін толықтай, ал бірқатар өңірлерде аудан әкімдерін сайлау жүзеге асты.

Мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауында осыған дейінгі сайлаудың қорытындысымен 45 жергілікті әкімнің жаңа тәсілмен сайланғанын, олардың 60 пайызға жуығы бұрын мемлекеттік қызметте істемеген азаматтар екенін атап өтті. Олардың орташа жасы 46-да. Президент келер 2025 жылдан бастап еліміз осы жаңа жүйеге толықтай көшетінін баса айтты. Яғни, аудан мен қала әкімдерін сайлау тікелей қарапайым халықтың таңдауымен жүзеге асады деген сөз. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев егер қажет болса реформалардың әрмен қарай жалғаса беретінін атап өтті.

Мұрат Жарылғасов, аудандық мәслихаттың депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT