«Kiki Challenge» - қауіпті би

Өйткені оған қатысушылар көше бойында жүріп бара жатқан автокөліктен секіріп түсіп, жол үстінде билей жөнеледі. Бұл, біріншіден, адам өміріне қатер төндірсе, екіншіден, жол қозғалысы қағидасын да өрескел бұзып, өзге жол қозғалысына қатысушы азаматтарды қауіп-қатерге итермелейді.

Қауіпті «Kiki Challenge» флэш-мобын билетуге жол берген жүргізуші жол қозғалысы қағидасының төмендегідей талаптарын өрескел бұзады. Осы қағиданың 2-тарауы 1-тармағының 3-тармақшасында «Көлік құралының жүргізушісі көлік құралы өз еркімен қозғалуды болдырмау бойынша шараларды қолдамай көлік құралынан шықпауға міндетті» делінген. Ал 22-тарауының 5-тармағына сәйкес «Жүргізуші жолаушылардың отырып-шығуын көлік құралы толық тоқтағанға дейін жүзеге асырмауға, ал қозғалысты тек жабық есіктермен бастап, оларды толық тоқтағанға дейін ашпауға міндетті». Аталған заңнама талаптарын сақтамаған жүргізуші міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ұмытпауы керек. Өйткені көлік иесі өзінің ғана емес, қасындағы жолаушысының да өмірі мен денсаулығы үшін жауапты. Ал шетелдік биге бола оның басын қатерге тігу – ақылды адамның ісі емес. Қазақ «Сақтансаң – сақтармын» деп бекер айтпаған ғой.

Сағын Доржиков,

аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl